Мексика арқылы АҚШ-қа барған 119 Өзбекстан азаматы еліне қайтарылды

Өзбекстан мигранттары
Фото: видеодан алынды

UzReport телеарнасының Өзбекстан Сыртқы еңбек миграциясы агенттігіне сілтеме жасап мәлімдеуінше, АҚШ-қа заңсыз кеткен 119 Өзбекстан азаматы еліне қайтарылды, деп хабарлайды Kazinform.

Ақпаратқа сәйкес, 2021 жылдың қазан айынан 2023 жылдың қазан айына дейін АҚШ-та шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 13 мыңнан астам Өзбекстан азаматы ұсталған.

Өзбекстанға оралған бір азамат өзіне берілген үлкен уәделер сағымға айналғанын айтты. 2-3 жылда тапқан ақшасын 2 айда далаға тастап келген. Мексикаға жету үшін 30 күн қажет болды. Америкаға жіберу үшін одан 5 мың доллар сұраған.

Тағы бір азаматтың айтуынша, ол АҚШ-та аспаз болғысы келген. Алайда АҚШ-та ұсталып, 4 ай түрмеде отырған.

Тағы бір азамат ол жақта жұмыс табу қиын екенін, тіпті 3-4 ай жұмыссыз жүрген әйелдер де барын айтты. Ол Америкада негізінен Орталық Азия елдерінің азаматтарына арналған рейдтер басталғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар