10:34, 28 Қаңтар 2013 | GMT +5
Мексика тұрғыны түтін шықпайтын ерекше пеш ойлап шығарды
АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Мексикада нанотехнология жетістігі айқын көрініс тапты. Жергілікті Сальвадор қаласының тұрғыны Рене Суарес ерекше ас пісіретін пеш ойлап шығарды,

деп хабарлайды 24.kz.
«Құбыр пеш» деп аталатын жабдық уақыт үнемдеп, артық қуат кетіруді қажет етпейді. Бір қызығы пештен түтін шықпайды екен. Мұндай технология жетістігі, әсіресе, елді мекен тұрғындары үшін керек дүние. Адамдар осы ерекше пеш арқылы ас әзірлеп, су қайната алады. «Құбыр пеш» тот баспайтын болаттан құйылып істелген. Сондықтан отынды да аса көп қажет етпейді. Рене Суарес осы ерекше затты жасап шығару үшін 20 жыл бойы зерттеу жұмыстарымен айналысқан екен. Отынды көп қажет етпейтін және түтіні шықпайтын пеш қоршаған ортаға пайдасын тигізбек. Жуырда Суарес 100 мың дана пеш жасап шығаруды көздеп отыр.