Мексика жағажайына шығып қалған белгісіз теңіз құбыжығы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Суда тіршілік ететін белгісіз құбыжықтың өлі денесі Мексиканың тынық мұхитындағы жағалауында орналасқан Акапулько қаласының жағажайынан табылды.
The Daily Mail порталы хабарлағандай, ұзындығы 4 метрге жететін құбыжық жағажайға қатты ағыс салдарынан шығып қалған.
Сарапшылардың пікірінше, бұл кит немесе алып кальмардың өлексесі.