Мексикада 32 адамның бөлшектелген денесі табылды

АСТАНА. KAZINFORM – Мексика прокуратурасы шілденің 30-ы мен тамыздың 2-сі аралығында жүргізілген іздеу жұмыстары барысында 32 адамның денесінің табылғанын растады. Полиция мүрделерді елдің ортылығындағы Гуанахуато штатында орналасқан Ла-Калера елді мекеніндегі ортақ қорғаннан тапқан, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.

 Мексикада 32 адамның бөлшектелген денесі табылды
Фото: report.az

- Ла-Калерада жүргізілген тергеу жұмыстарынан соң 32 адамның денесі табылып, олардың 15-нің кімдікі екені анықталды,-делінген прокуратураның Х әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде.

Жергілікті TVguanajuato телеарнасының хабарлауынша, адамдардың денелері бөлшктеліп тасталған. Сол себепті оларға талдау жүргізу үшін осы саладағы генетика, антропология және сот стоматологиясы сияқты арнайы тәсілдерді қолдану қажет болды.

Осыған дейін Мексикада крематорийден 383 адамның мәйіті табылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар