Мексикада А (H1N1) тұмауының бірінші құрбанына ескерткіш орнатылмақ

МЕХИКО. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат – Мексикада А (H1N1) тұмауының бірінші құрбанына ескерткіш орнатылмақ,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press агенттігіне сілтеме жасап. Жаңа вирустың алғашқы құрбаны болған 5 жасар баланы еске алуға арналған мемориалдың Веракрус қаласында тұрғызылатыны хабарлануда. Жоба авторы - суретші Эдгар Эрнандез осынау қатерлі аурудан жазылып, аман қалған адамдардың бірі. Ескерткіштің нобайы әзірге белгісіз. Естеріңізге сала кетейік, мамырдың 25-індегі жағдай бойынша, әлемнің 46 елінде А (H1N1) тұмауы вирусымен ауырудың 12 мың 515 оқиғасы зертханалық жолмен қуатталып отыр. 91 адам вирустан көз жұмған. Көрші Ресейде осынау қатерлі аурудың екі оқиғасы тіркеліп отыр.
Соңғы жаңалықтар
Референдум