Мексикада ең атышулы наркобаронның қайынатасы қолға түсті

Агенттіктің хабарлауынша, 45 жастағы Инес Коронел Баррерас Сонора штатының солтүстігінде, Аризонамен шекаралас орналасқан Агуа-Приета қаласында қолға түскен. Полицияның мәліметінше, қылмыскер мен оның баласын және тағы үш сыбайласын ұстау кезінде бірде-бір оқ атылмаған.
Баррерас ұсталған үйден полиция қызметкерлері 4 автомат, тапанша және 250 келі марихуана тәркілеген.
Баррерас Гусманның 2007 жылы үйленген үшінші әйелінің әкесі. Үкіметтің мәліметінше, Баррерас картелде маңызды орынға ие және Мексикадан Аризонаға өткізілетін марихуананы бақылайды.
«Қаратышқан» («El Chapo») атты лақап атпен белгілі Хоакин Гусман АҚШ-тың есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының деректері бойынша әлемдегі ең көп іздестірілудегі есірткі сатушы. 1990-жылдардың басынан бері осы наркобаронның басқаруындағы «Синалоа» картелі Мексикадан АҚШ-қа жеткізілетін есірткінің үштен бірін бақылауда ұстап келеді. Гусман 2001 жылы 20 жылдық жазасын өтеп жатқан ерекше қорғаудағы түрмеден қашып шығып, содан бері ешкімге ұстатпай келе жатқан көрінеді.