Мексикада құрғақшылық кесірінен тартылған су қоймасының табанынан көне шіркеу шықты - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Чьяпас штатында су астынан көне шіркеу шықты. Болжам бойынша, оны испандық отарлаушылар XVI ғасырда салған.
None
None

Шіркеу елде болған құрғақшылық және су қоймасының таяздануы салдарынан су бетінен көрінген.

Дәл қазіргі сәтте Несауалькойотль су қоймасындағы су деңгейі әдеттегіден 25 метрге төмендеген. Соңғы рет бұндай көрініс 2002 жылы қайталанған екен, деп жазады шетелдік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар