07:25, 12 Наурыз 2017 | GMT +5
Мексикада жасырылған 240 адамның мәйіті табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексика полициясы Веракрус штатында жаппай құпия жерленген 240 адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Телеарна сайтында жарияланған мәліметтерге қарағанда, мамандар әзірге жасырын орындардың тек жартысын ғана аршып, тексеруге көшкен. Сондықтан құрбандардың саны бұдан да көп болуы ықтимал.
Алғашқы сараптаманың қорытындысына қарағанда, мәйіттер негізінен 14 пен 25 жас аралығындағы жастарға тиесілі. Ал ақпарат құралдарының хабарлауынша, аталған штатта 2010 жылдан бері із-түзсіз 700-ден астам адам жоғалып кеткен. Полиция бұл аймақтағы есірткімен айналысушы екі ірі топтың бір-бірімен жауласуының салдары екенін айтады.