Мексикалық жанкүйерлер Димаш Құдайбергенге музыкалық тосынсый жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Бір жарым күн жол жүріп, бірнеше рейс ауыстырған Димаш Құдайберген мен оның командасы жарты әлемді артқа тастап, Латын Америкасына жетті, деп хабарлайды Kazinform Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Димаша Кудайбергена радушно встретили на полуострове Юкатан
Фото: dimashnews.com

Қазақстандық әншіні Латын Америкасында алғаш болып Мексиканың Юкатан штатының астанасы Мерида қаласы қарсы алды.

Димаша Кудайбергена радушно встретили на полуострове Юкатан
Фото: dimashnews.com

Мануэль Крессенсио Рехон атындағы халықаралық әуежайда жергілікті Dears әншіні Юкатан өңірінің дәстүріне сай қарсы алды. Атап айтқанда, аспаптық трио Мексиканың әйгілі композиторларының танымал туындыларын болеро стилінде орындады.

Димаша Кудайбергена радушно встретили на полуострове Юкатан
Фото: dimashnews.com

Дәстүрі бай, археологиялық мұралары мен мәдениеті ерекше Мерида қаласы Димашты көгілдір мұхит бейнеленген баннерлерімен, ақ гүлдермен және жанкүйерлер қолындағы көк қағаз жүрекшелермен қарсы алды. Олар әншінің Мексика жеріне қайта оралғанына қатты толқығанын жасырмады.

Димаша Кудайбергена радушно встретили на полуострове Юкатан
Фото: dimashnews.com

Қазақстанның Мексикадағы елшілігінің өкілдері де өнерпаз бен оның командасын алыс елде қарсы алып, сапар барысында бірге жүрді.

Айта кетейік, Димаш Мексикадағы алғашқы концерттерін осыдан бір жыл бұрын «Stranger» туры аясында Мехикода екі күн қатарынан аншлагпен өткізген еді.

Димаша Кудайбергена радушно встретили на полуострове Юкатан
Фото: dimashnews.com

Бұған дейін Димаш Құдайберген Анкарада түркі әлемінің өнер жұлдыздарымен бір сахнада өнер көрсеткені хабарланған болатын.