09:33, 08 Қараша 2016 | GMT +5
Мексикалық ұшақтан алып жылан табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада белгісіз себептермен коммерциялық әуе рейс салонында пайда болған алып жылан жолаушылардың зәресін ұшырды, деп жазды Lenta.ru.

Оқиға жексенбі күні 6 қарашада, Торреонадан ел астанасына бет алған Aeromexico компаниясының лайнерінде болған. Ғаламторға жүктелген кадрларда жүк бөлігінен шығып, төмен қарай салбырап тұрған жасыл түсті жылан анық көрінеді. Ұшақ Мехикоға қонған соң, арнайы мамандар жыланды залалсыздандырды. Әуе компаниясы рептилияның салонға қалай тап болғанын анықтап жатыр.