Мектеп аумағында сайран салған жабайы қабылан жұртты дүрліктірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорния штатында, Лос-Анджелесте ауласына жабайы пума кіріп кеткен мектеп шұғыл жабылды. Тау арыстаны осындағы кампустың маңында еркін қыдырыстады.
Видеода жыртқыштың мектеп ауласында қалай сайран салып жүргені көрініп тұр.
Бұдан соң қабылан тұрғын үй орамына қарай бет алды. Оқыс оқиға болған жерге шұғыл жеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны ұстап үлгерді. Кейін ол орманға жіберілді, деп жазады lifenews.ru.