Мектеп автобусы және оқушыларды ыстық тамақпен қамту – Алматыда пилоттық жобалар басталады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрлігінің пилоттық жобалары Алматы қаласында басталады. Бұл туралы «Білімді ұлт: білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» атты форумда оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Биыл бірнеше пилоттық жобамызды Алматы қаласында бастап, кейін басқа өңірлерге таратамыз. Атап айтар болсақ, біз үшін өте қызықты пилоттық жоба – мектеп автобустары. Бұл елордамыз бен басқа да халық көп шоғырланған үлкен қалаларымыз үшін жақсы жоба болады деп есептеймін. Екіншіден, балалардың мектепте тамақануы. Ол да балалардың денсаулығы мен оқу үлгеріміне оң әсерін тигізеді», - деді Асхат Аймағамбетов.

Айтуынша, қазіргі таңда Алматыда ас мәзірі, тамақтану мәселесі бойынша жаңа пилоттық жоба басталып жатыр.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп атап, Үкіметке де, әкімдерге де тиісті кешенді жоспарды белгілеп берді. Бұл жоспардың ішінде Алматы қаласы үшін өте маңызды шешім қабылданды. Ол – 1-4 сынып балаларын толығымен ыстық тамақпен қамту. Бұл өте дұрыс шешім болды», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар