Мектеп баспалдағынан құлаған балаға Астана дәрігерлері 29 минутта жеткен

Астана әкімдігі мектеп баспалдағынан құлап, мертіккен балаға жедел жәрдем көлігі неліктен жарты сағатқа жуық жүріп барғанына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

мектеп оқушы
Фото: ашық дереккөзден

«18 қыркүйек күні «103» пультіне Мәскеу, 23 мекенжайында орналасқан №14 орта мектептен шұғылдығы 3-санатты шақырту (жедел жәрдемнің жеткен уақыты – 29 минут) түсті. Пациент стационарға алдын ала хабарландыру арқылы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жатқызылды және медициналық алғашқы көмек толық көлемде көрсетілді. Ауруханаға түскен кезде барлық мамандар қарады», – деп атап өтеді Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Оқушы қазіргі уақытта нейрохирургияның бейінді бөлімшесінде ем алып жатыр.

«Жалпы жағдайы ауырлықтың орташа деңгейінде, жақсару динамикасы бар. Бас сүйек-ми жарақаты хаттамасы бойынша ем алып жатыр. Қазіргі уақытта жедел емдеуді қажет етпейді», – деді басқармадан.

Бұған дейін Астанада оқушы мектеп баспалдағының екінші қабат деңгейінен құлап кеткенін жазған болатынбыз. Әлеуметтік желідегі пабликтерде бала шет елде шұғыл емді қажет ететіні жазылған еді.

Соңғы жаңалықтар