Мектеп директорларын тағайындау қағидалары өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM — АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары өзгерді. Өзгерістер Оқу-ағарту мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің бірлескен бұйрығында көзделген. 

Мектеп директорларын тағайындау қағидалары өзгерді
Фото: Kazinform/ЖИ

Құжатқа сәйкес, аудандық (қалалық) білім бөлімі мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына бос немесе бос орын пайда болған күннен бастапе 5 жұмыс күнінің ішінде облыстық білім басқармасына конкурс өткізу туралы өтініш хат жолдайды. Ал бос немесе уақытша бос тұрған бірінші басшы лауазымы басшы орынбасарына немесе педагогке конкурс рәсімі аяқталғанға дейін аталған білім беру ұйымын басқару жүктеледі. Бірақ, бұл мерзім 6 айдан астауы тиіс. Дегенмен, конкурс өтпей қалған жағдайда бірінші басшысы міндетін атқару 6 айлық мерзімге бір рет ұзартылуы мүмкін.

Ал орта білім беру ұйымындағы лауазымға педагогты тағайындау конкурсы «педагогты жұмысқа қабылдау» модулінде электронды форматта, ал мектепке дейінгі, қосымша, арнаулы білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдардағы лауазымға педагогты тағайындау қағаз форматта жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы немесе жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірген (соңғы екі жылдағы, педагогикалық өтілі жоқ түлектер) тұлғалар GPA көрсеткіші 3,33 балдан төмен емес болған, сертификаттаудан өткені туралы құжаттары және грант тағайындалғаны туралы куәлігі болған кезде конкурстық рәсімдерден өтпей жұмысқа қабылданады. 

Айта кетелік ауыл мектебінің педагогтері директор болудан неге қашқақтайтыны туралы жазған едік