Мектеп формасы Нұр-Сұлтан қаласында бірыңғай болады
Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, бірыңғай мектеп формасы бекітілгеннен кейін қала мектептерінің басшылары ата-аналарды жалпы мектептік ата-аналар жиналыстарында форманың сәйкестігі туралы талаптармен таныстырады.
Елордалық білім басқармасының хабарлауынша, ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдайды.
«Ең бастысы, сатып алынған форма төменде жазылған талаптарға сәйкес келуі керек.
1. Мектеп формасының түсі – қою көк.
2. Мектеп формасы классикалық стильде тігілген.
3. Ұлдарға арналған мектеп формасы келесіні қамтиды:
пиджак, жилет, шалбар, ақ салтанатты жейде, күнделікті ақ жейде, (суық уақытта: трикотаж жилет, ақ водолазка).
Ұлдарға арналған шалбар еркін кесілген және ұзындығы бойынша аяқтың тобықтарын жабады.
Ұсынылған минимум: көйлек, көкірекше және шалбар.
4. Қыздарға арналған мектеп формасы келесіні қамтиды: пиджак, көкірекше, юбка, шалбар, классикалық ақ блузка, сарафан (суық мезгілде: тоқылған көкірекше, ақ водолазка).
Қыздарға арналған шалбарлар еркін пішіліп, аяқтың тобықтарын жабады, кеңселік белдемшенің ұзындығы тізеден 5 см-ден аспайды.
5. Мектеп формасына түрлі конфессиялардың, діни киім элементтерін енгізуге жол берілмейді.
6. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарларды киюге болмайды.
7. Мектеп формасына сапасы жақсартылған, жартылай жүн және мақта маталар пайдаланылады, олардың тозуға төзімділігі жоғары, бактерияға, микробқа қарсы және антистатикалық қасиеттері бар, заттар қатты мияланбауы үшін 75-85% табиғи маталар (мақта, жүн, т.б.) және 15-25% синтетикалық қоспалар ұсынылады», - деп жазды ведомстводан.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тамыз айында Қордың «Жаппай оқыту» жобасы іске қосылады.
Фото: facebook.com/bilimastana