Мектеп қазандығы жарылысынан қаза болған жұмысшының отбасына көмек көрсетіледі

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Аршалы ауданында мектептің жылу қазандығының жарылуынан қаза тапқан жұмысшының отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Жергілікті атқарушы органдар Аршалы ауданы әкімдігінің атынан қаза тапқан азаматтың отбасына жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға барлық қажетті материалдық көмек көрсетеді», – деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Сонымен бірге ведомстводан атап өткендей, зардап шеккен өзге екі науқастың - 32 және 39 жастағы ер адамдардың жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалап отыр.

«Оларды емдеу шаралары Аршалы аудандық ауруханасының хирургиялық бөлімшесі жағдайында жүргізіліп жатыр», - делінген мәліметте.

Айта кетсек, Ақмола облысының Аршалы кентінде мектептің жылу қазандығы жарылып, үш адам зардап шеккен еді. Олардың бірі - 55 жастағы ер адам көз жұмғаны бүгін хабарланды.

Қазіргі кезде апаттың салдарын жою және жылу беруді қалпына келтіру бойынша шұғыл жұмыстар атқарылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар