12:39, 07 Шілде 2012 | GMT +5
Мектеп, лицей және колледж оқушылары Павлодар облысының қалаларын абаттандыруда
ПАВЛОДАР. 7 шілде. ҚазАқпарат - Техникалық және кәсіби оқу мекемелерінің 405 оқушысы «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша Павлодар облысындағы қалаларды абаттандыруда, деп хабарлады білім басқармасынан.

Жоғары сынып оқушылары қалалардағы саябақтарды көгалдандырумен айналысуда, Кенжекөл, Мойылды және Павлодарлық ауылдардың аумақтарын абаттандыруда. Мектеп және лицей оқушыларынан құрылған жасақ Ақтоғай, Успен және Железин аудандарында жұмыс істеуде.
«Нұр Отан» ХДП-ның көмегімен аймақ кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарында балалар үшін 1981 уақытша жұмыс орны ұйымдастырылады.
Еңбек жасақтарында 2005 жылдан бері еңбек және қоғамдық-саяси мектептен облыстағы мектеп, лицей және колледждердің 17 мыңнан астам оқушысы өтті.