Мектеп оқулықтары бәсекелестік жағдайында пайдаланылатын болады - БҒМ
«Жаңа ережеге сәйкес, жалпы мектеп оқулықтарының барлығы бәсекелестік түрінде пайдаланылатын болады. Бұрынғыдай бір пән бойынша бір ғана кітап немесе қаптаған көп кітап емес, 5 қана оқулық болады. Соның ішінен таңдап алуға мүмкіндіктер болады. Таңдап алуды әрбір мектеп өздері жүзеге асыратын болады», - дейді вице-министр.
Вице-министрдің айтуынша, жаңа ережені қалыптастыру барысында оқулықтану және оқу кітаптарын басып шығару саласындағы халықаралық тәжірибелер, оның ішінде Англия, Австрия, Германия, Франция тәжірибелері зерделенген. Сонымен қоса, ағымдағы жылы «Білім туралы» заңның жаңа редакцияда қабылдануына орай оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың жаңа тәртібі бекітілген. Бұл ереже бойынша оқулық басылымын сынақтан өткізу және мониторингілеу секілді жаңа үдерістері енгізілген.