17:58, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Мектеп оқушыларының республикалық ғылыми жарыстары жобасының 80 пайыздан астамы мемлекеттік тілде дайындалған
АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Мектеп оқушыларының республикалық ғылыми жарыстары жобасының 80 пайыздан астамы мемлекеттік тілде дайындалған.
Осыдан бес жыл бұрын бұл көрсеткіш 20 пайызды ғана құрайтын. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» РҒПО-ның директоры Тілдаш Битуова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұл статистика бізді өте қуантады. Қазақстандық ғылымның болашағы зор. Бұл көрсеткіштер қазақстандық ғалымдардың жұмыстарын мектеп оқушылары мемлекеттік тілде оқитындығын дәлелдейді. Ал бұрындары нақты ғылым саласындағы жұмыстардың басым бөлігі орыс немесе басқа да шет тілдерде дайындалатын»,- дейді Т.Битуова.Мектеп оқушыларының республикалық ғылыми жарыстары Алматыда ақпанның 23-нен 27-і аралығында өтті. Шараға 254 жобаны әкелген 400-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Зерттеулердің негізгі тақырыбы республиканың «Қазақстан - 2030» стратегиялық экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуына бағытталған.