Мектеп оқушысы Алматы әкіміне көшелерді су басудың алдын алатын жоба ұсынды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мектеп оқушысы жауынды күндері Алматы көшелерін су басу мәселесін шешетін «жасыл дренаж» жобасын әзірлеп, қала әкіміне ұсыныс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Алматы қаласында орналасқан физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысымын. Менің сізге ұсынысым бар. Қаламызда, атап айтқанда Алмалы ауданында жаңбыр жауған кезде шалшықтар пайда болады және су басу мәселесі туындайды. Мен «жасыл дренаж» жобасын әзірледім. Бұл құдық, оның ішінде батпақты өсімдік және топырақ болады. Ол жерге жаңбыр суы ағады, өсімдіктер арқылы сүзіледі, олар арнайы осы үшін жасалған. Су осы жерге сіңіп кетеді. Бұл жобаны Филадельфия мен басқа да көптеген қалалардағы зерттеулерді негізге алып жасадым. Онда жоба сәтті жұмыс істеді, оны Алматы жағдайына сай түзеттім. Менімен бірге пилоттық жоба жасауларыңызды сұраймын», - деді оқушы тұрғындармен кездесуге келген әкімге.

Осыған орай, Ерболат Досаев Алмалы ауданының әкімі мен Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасына тапсырма берді.

«Пилоттық режимде қолданып көрейік, неге болмасқа?» - деді Ерболат Досаев.



Соңғы жаңалықтар