Мектеп жасына дейінгі балалар арасында үздік шығармалар байқауы жарияланды

Бүгін бәйгенің басталғандығын жариялауға арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Байқауды «Қазақмыс» компаниясы мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастыруда. Оның мақсаты - балалар әдебиетіне қолдау көрсету арқылы бүгінгі заман талабына сай шығармалардың жазылуына ықпал ету және сол арқылы балаларды қаршадай кезінен өз ұғымдарына лайық әдеби туындылармен сусындату. Сондай-ақ туған елге, ата-анаға, дос пен бауырға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырып, ұлтжанды, өнегелі, білімқұмар болып өсуіне негіз қалау. Оған кәсіпқой жазушылар да, әуесқой авторлар да, сонымен қатар шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері де қатыса алады.
«Бұл жоба ұлттық мәдениеттің дамуына, келешек ұрпақты тәрбиелеуге, қазақ тілінің одан әрі дамуына зор үлес қосады деп сенеміз. Ұлттың ділі оның тілінде, салт-дәстүрі мен өнегесінде байқалады. Сондықтан осындай құндылықтарымызды балаларымыздың бойына сіңіру өте маңызды. Байқау тамаша дәстүрдің бастамасы болады деген сенімдеміз», - дейді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Коммерциялық емес қаржыландыру басқармасының бастығы Жомарт Таласбеков.
Байқауға шығармалар үстіміздегі жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданып, 2013 жылдың 2 сәуірі күні қорытындысы жария етіледі.