Мектеп жасындағы барлық оқушылар 4-ші сыныпқа дейін тек қазақ тілінде білім алуы тиіс - депутат Ғ.Есім

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Елімізде мектеп жасындағы барлық оқушылар 4-ші сыныпқа дейін тек қазақ тілінде білім алуы тиіс. Бұл болашақ ұрпақтың өзара ұйысуына көмектеспек. Бүгін «Халықтың бірлігі - елдің табысты дамуының кепілі: этникааралық келісімді дамытудағы партияның басымдықтары» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» отырысы аясында журналистерге сұхбат берген сенатор Ғарифолла Есім осындай ұсыныс жасады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Меніңше, «Балапан» бағдарламасына сәйкес, біздің балаларымыз 1-4-ші сыныптарда тек қазақ тілінде ғана оқулары тиіс. Ал 4-ші сыныптан кейін олар үштілдік бағдарлама бойынша өз білімдерін жалғастырулары қажет. Сонда барлық этностың балалары бірге отырса, ең бірінші, олардың достығы нығаяды. Қазіргі кезде бізде орыс және қазақ тілді деген ұғым бар. Егер біз оларды бір мектепте, бір тілде оқытатын болсақ, 20-30 жылдан кейін бүгінгі екітілді психология болмайды. Біздің жастар үш тілді меңгерген азамат болып шыға келеді», - дейді Ғ.Есім.

Соңғы жаңалықтар