09:06, 06 Мамыр 2009 | GMT +5
Мектепке бомба қойылғандығы туралы хабар түсті - Қарағанды
АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - Жарылғыш құрылғы қойылғандығы туралы анонимді қоңыраудан кейін Қарағандыдағы мектептердің бірінен 600-ден астам адам көшірілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Кеше, мамырдың 5-і күні саған 8.45-те Ішкі істер департаментінің пультіне №53 орта мектептің ғимаратына бомба қойылғандығы туралы құпия қоңырау түседі. Осы ақпараттан кейін 612 адам ғимараттан көшіріледі. Жүргізілген арнаулы шаралардың барысында мектептен ешқандай бомба табылмаған.