22:43, 25 Тамыз 2014 | GMT +5
«Мектепке жол» акциясы аясында кәсіпкерлер қайырымдылық жасады - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Бүгін Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында кәсіпкерлер мектеп оқушыларына қайырымдылық жасады, деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 47 бала мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған 13 балаға «Байкен-У» ЖШС-гі мектеп формасын үлестіріп, ғылыми жоба қорғап, жүлдемен оралған 3 балаға ноутбук сыйлады.
Сонымен қатар, «Қызылқұм» ЖШС 100 балаға мектеп сөмкесі мен оқу- құралдарын берсе, «СКЗ-У» ЖШС 33 балаға мектеп формасын сыйлады.