«Мектепте бомба»: Көкшетауда 1279 оқушы мен 79 мұғалім эвакуацияланды

Көкшетауда №2 орта мектеп-лицейіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарланды. Кazinform бұл туралы Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазады.

жарылғыш зат
Фото:freepik.com

Ведомство мәліметінше, жарлығыш зат туралы хабар бүгін, 17 қазанда Көкшетау қалалық полиция басқармасына түскен.

«Айтылған мекенжай бойынша шұғыл қызметтер, арнаулы және құқық қорғау органдарының мамандары бағытталды. Білім беру мекемесінен 1279 оқушы мен 79 мұғалім мен әкімшілік қызметшілер эвакуацияланды. Жарылғыш техниктер мен кинолог мамандар жүргізген тексеріс кезінде жарылғыш зат туралы ақпарат расталмады. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар