Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мектепте оқушының телефон қолдану тәртібін кім айқындайды

АСТАНА. KAZINFORM — Мектепте оқушының телефон қолдану тәртібін әр білім ордасы дербес айқындайды. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлім етті.

Запрет на использование телефонов на уроках вводится в школах Азербайджан
Фото: PA Media

Оның айтуынша, Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарында ұялы телефонды қолданудың бірыңғай талабын әзірледі. Ал бұл талапты нақты іске асыруды әр мектеп дербес айқындайтын болады.

а
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

— Сабақ үстінде бала ұялы телефонды қолданбайды. Ал оны педагогқа беру немесе сынып ішіне қою сынды мәселеге қатысты ұйымдастыру жайттарын мектептегі жағдайға байланысты білім беру ұйымы өзі анықтайды, — деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, бір мектепте ұялы телефон сыныпта сақталса, енді бірінде ол үшін арнайы жәшіктер қарастырылуы мүмкін. Осылайша, ұялы телефонды қолдану тәртібі әр мектептің ішкі ережесінде бекітіледі.

Бұған дейін мектепте ұялы телефонға тыйым салу оқушыларға қалай әсер ететініне қатысты зерттеу нәтижесін жария еткен едік.