10:15, 18 Ақпан 2016 | GMT +5
Мектептегі медицинаны білім беру жүйесінен денсаулық сақтау саласына беру қарастырылуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқушыларға арналған сауықтыру шараларының күнтізбесін жасау жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында мәлім болды.

«Сонымен қатар «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының аясында мектептегі медицинаны білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру қарастырылуда. Оқушыларға арналған сауықтыру шараларының күнтізбесін жасау жоспарланып отыр», - деп атап өтілген министрлік мәліметінде.
Атап айтқанда, онда балаларды профилактикалық тексеру шараларын мамандардың шығу бригадаларын шақыру арқылы білім беру ордаларында өткізуді, оқу мерзімі мен демалыс кезінде сауықтыру шараларын ұйымдастыруды, балалардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуына тиісті шараларды қамту, қосымша дәрумендеу, физиотерапиялық шаралар, сондай-ақ басқа да денсаулық сақтау технологияларын енгізу қарастырылған.