Мектептегі тамақтану жүйесін өзгерту керек - А.Сәрінжіпов

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Бүгінде мектептегі тамақтану жүйесін қайта қарап, сапаға негізгі басымдық беру керек.
None
None
Бүгін журналистерге сұхбат берген ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов осылай айтты. «Иә, мектептердегі тамақтануға қатысты проблема бар. Біз оған сараптама жасадық. Негізі, бұл мәселеге жергілікті билік органдары, яғни әкімдіктер жауап береді. Дегенмен, біз осы саланы бақылап, тиісті саясатты жүргізуіміз керек. Қазір облыстардағы оқушылардың тамақтану бағасының айырмашылығы жер мен көктей. Бір аймақта 70-90 теңге болса, екіншісінде 250-300 теңге болуы мүмкін. Оның барлығы мемлекеттік сатып алулар жүйесіне тікелей байланысты. Заңнамаға сәйкес, білім беру мекемелері бағасы арзан компаниялардың қызметіне жүгініп отырады. Бәлкім, бұл жүйені қайта қарап, тамақтың сапасына негізгі басымдық беру керек шығар. Оны жергілікті билік қолға алуы тиіс. Әрине, біз де жауапкершіліктен қашпай, барлық жұмысты бақылайтын боламыз», - деп атап көрсетті А.Сәрінжіпов.
Соңғы жаңалықтар