Мектептен шығып, үйіне оралмаған: Алматыда оқушы іздестіріліп жатыр

Алматыда оқушы қыз жоғалып кетті. Оны еріктілер, полиция мен аудан тұрғындары кешелі бері іздеп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Полиция
Фото: Polisia.kz

Әлеуметтік желілерде пайда болған мәліметке қарағанда, 2012 жылы туған Ханшайым Аралбай 9 қарашада № 148 мектептен шығып, үйіне оралмаған.

Жоғалып кеткен оқушы қыздың фотосы WhatsApp желісі арқылы тарап жатыр.

«Мектебімізде 5 «Ә» сынып оқушысы жоғалып кетті, сабақтан кейін үйіне оралмаған. Көрген білгендеріңіз болса хабарын берсеңіздер»,- делінген ақпаратта.

Сыртқы белгілері: 12 жаста, бойы орташа, шашы – қара.

Киімі: ашық түсті күрте, көк түсті мектеп формасы. Өзімен бірге ақ түсті қолшатыр алған.

«Егер  оқушы қыздың орналасқан жерін білген адам болса, 102 нөміріне хабарлауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

жоғалған қыз
Фото: әлеуметтік желіден алынды
жоғалған қыз
Фото: әлеуметтік желіден алынды

 

 

Соңғы жаңалықтар