18:47, 20 Тамыз 2016 | GMT +5
Мельбурнде мектеп оқушысы әлемдегі ең әдемі ер бала болып танылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Instagram және Twitter пайдаланушылары 12 жастағы австралиялық Уильяма Франклин-Миллерді әлемдегі ең әдемі бала деп таныды.

Басында әлеуметтік желілерде Уильяманың аккаунты интернеттің азиялық сегментінде танымал болды. Оның суретін Жапониядан мектеп оқушысы әлеуметтік желіге салған. Оның Twitter-аккаунтындағы суретіне мыңдаған репост жасалды. Осыдан кейін Франклин-Миллерге жазылушы достар күрт көбейе бастады.
«Әр үш секунд сайын жүздеген жаңа жазылушы қабылдадым», - деді бала.
Оның айтуынша, анасы екеуі аккаунтты бұзды деп ойлаған. Кейіннен мұның адамдардың суретке білдірген пікірлерінен екендігін түсінді.
Instagram-да әдемі балаға жазылушылар саны 152 мыңға жетті.
Франклин-Миллердің сөзіне қарағанда, фолловерлер саны екі тәулікте жүз есе артқан.