Мелания Трамп күйеуінің Гарвардпен араздығы туралы ақпаратты жалған деп атады

АСТАНА. KAZINFORM — Мелания Трамптың баспасөз хатшысы оның президент күйеуі ұлы Бэрронды оқуға қабылдамағаны үшін Гарвард университетімен соғысып жатыр деген «жалған» теорияны жоққа шығарды, деп хабарлайды FOX News арнасы.

Представитель Мелании Трамп опровергает «ложную» теорию о вражде ее мужа с Гарвардом
Фото: кадр из видео / The Economic Times

Palm Beach Post бірінші ханымның баспасөз хатшысы Николас Клеменстің «Баррон Гарвардқа өтініш берген жоқ және ол немесе оның атынан өтініш берген кез келген мәлімдеме мүлдем жалған» деген сөзін жариялады.

Бұл оқиға интернетте тараған президент Дональд Трамп Гарвард университетіне федералдық қаржыландыруды қысқартуды жоспарлап жатқаны туралы сыбыстарға байланысты болды. Себебі, Нью-Йорк университетінің бірінші курсын бітірген ұлы Бэрронның Гарвардқа қабылданбағаны болжанған.

Трамп әкімшілігі бүкіл федералдық агенттікке Гарвард университетімен барлық федералдық келісімшартты тоқтатудың жолдарын қарастыруды сұрап отыр. Бұл шешім шетелдік студенттердің қабылдануы мәселесі бойынша жалғасып жатқан келіспеушіліктерге байланысты қабылданған.

Гарвард университеті бұған дейін федералдық сотқа шағым түсіріп, әкімшіліктің өткен айдан бері тоқтатқан шамамен 3,2 миллиард доллар көлеміндегі федералдық гранттық қаржыландыруды қалпына келтіруді талап етті.

Айта кетейік, осыдан бұрын Гарвард Трамп әкімшілігінің халықаралық студенттерді қабылдауға тыйым салу шешіміне қарсы шыққаны хабарланған. Ivy League университетінде оқып жатқан шетелдік студенттерге, оның ішінде қазақстандық студенттерге қатысты жағдай да әзірге екіұшты.

Соңғы жаңалықтар