Мелания Трамптың Словениядағы қола мүсінін ұрлап кетті

АСТАНА.KAZINFORM - Мелания Трамптың қола мүсіні өзінің Отаны Словенияда ұрланды. Осыдан бес жыл бұрын мүсіннің  ағаштан жасалған нұсқасы өртеліп, орнына қола мүсін орнатылған, деп хабарлайды Daily Mail.

Мелания Трамптың Словениядағы қола мүсінін ұрлап кетті
Коллаж: Kazinform

2020 жылы АҚШ-тың бірінші ханшайымының туған қаласы Севницада оған арнап қола мүсін қойылған. Ол алдыңғы ағаш мүсін өртелгеннен кейін орнатылды.

Мүсіннің ұрланғаны туралы 13 мамырда хабарланып, полиция тергеуді бастады. Құқық қорғау органдары және қола ескерткіштің авторы, америкалық концептуалды суретші Брэд Даунидің айтуынша, мүсін тобығынан кесіліп, ұрланған.

Күйеуі Дональд Трамп АҚШ президенті болып қайта сайланған соң, бұл аймақта президент бір күні жұбайының отанына келеді деген үміт қайта оянды. Бұған дейін ол бірінші ханшайымның Отанына келмеген. Меланияның өзі көпшілік алдында сөйлеген кезде Словенияны сирек айтады және Трамптың инаугурациясынан бері Орталық Еуропаның шағын еліне бармаған.

Бұған дейін Amazon Prime Studios Мелания Трамптың өмірі туралы деректі фильм шығаратыны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар