Мелдешов Білім вице-министрінің шетелдегі тағлымдамасына қатысты түсініктеме берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Жанболат Мелдешов еліміздің Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның «Болашақ» стипендиясына алуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Барлығымыз да бағдарламаның жұмыс істеп тұрғанына 23 жыл болғанын білеміз. Мұндай бағдарлама Сингапурде де бар. Премьер-Министр Ли Куан Юдың өзі академиялық демалыс алып, Гарвардқа магистратурада оқу үшін барған. Бұл өте жақсы үлгі», - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, «Болашақ» бағдарламасы бойынша биліктің жоғары тармағынан 23 саясаткер білім алған. «Болашақ» бағдарламасын бітірген он адам А корпусына, 70-ке жуығы Б1 корпусына өткен. Жалпы олардың саны жүзге жуықтайды. Айта кетерлігі, АҚШ-та PhD ғылыми дәрежесін алу үшін мемлекет бір стипендиатқа жүз мың доллар шығындайды.

«Эльмира Суханбердиеваның тағлымдамасына қатысты айтар болсам, стипендияны қоса алғанда шамамен қырық мың доллар жұмсалады», деді ол.

Айта кетейік, еліміздің бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары конурстың іріктеудің екі кезеңінен өткендердің тізімінен Эльмира Суханбердиеваның да аты-жөні жүргеніне айрықша назар аударған болатын.

«Бірінші кезең ағылшын тілін білу деңгейі немесе адамның шетелдік университеттен шақыруы болуы тиіс. Эльмира Суханбердиевада Беркли университетінен шақыру бар. Бірінші кезеңді ол өтті. Екінші кезең бұл қазақ тілін білуі. Оны топпен немесе жеке өзі барып тапсырады. Ол сертификатын әкелді. Қазтесті өз қаражаты есебінен тапсырып, 135 балл жинады. Яғни, Эльмира Суханбердиева қазақ тілін еркін меңгерген»,- деді Мелдешов.

Соңғы жаңалықтар