11:30, 08 Шілде 2009 | GMT +5
Мемлекет алдағы уақытта да егіншілік саласын қолдауға және оны дамытуды ынталандыруға ниетті - Ауыл шаруашылығы министрі
денің 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Негізгі екпін егіншілік саласын химияландыруға бағытталады. Бұл туралы бүгін Астанада аграрлық саланың мәселелеріне арналған халықаралық конференцияда Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет алдағы уақытта да егіншілік саласын қолдауға және оны дамытуды ынталандыруға ниетті. Бірінші кезекте астық шаруашылығына басты назар аударылады. Осыған байланысты негізгі екпін егіншілікте химияландыруға бағытталады, яғни оның құнын субсидиялау, минералды тыңайтқыштарды пайдалану және өсімдікті қорғау шараларын жүргізу», - деді министр.
Оның айтуынша, бұл мемлекеттік қолдау шаралары Қазақстандағы орташа егін шығымдылығын гектарына 10 центнерден 12 центнерге дейін арттырмақ. «Ал болашақта егер тиісті технологияларды қолдануды сақтасақ, біздің әлеует 15 центнерді құрайды», - деді А. Күрішбаев.