«Мемлекет алдындағы қарызыңды өте» - Павлодар облыстық прокуратурасының акциясы

«Оны өткізу қажеттілігі шамамен 10 млрд. теңге көлемінде төлемдерді өтемеуден болып отыр», - деп хабарлады облыстағы мемлекет мүдделерінің өкілдігі бойынша басқарманың бастығы Жантемір Шәкиев.
Бүгінде айыппұлдарды, мемлекеттік баж, мемлекет шығындарын өтеу төлемдері бойынша 23 мың сот құжаттары орындалған жоқ.
«Талдау төлемдерді өтемеудің себебі - сот актілері мен қаулыларын орындағысы келмеген азаматтардың пиғылдарынан болып отырғанын көрсетеді. Сондықтан борышкерлерді анықтау және оларды жауапкершілікке тарту бойынша рейдтер өткізіледі. Ол үшін қарыздарды мәжбүрлеп төлету шаралары қолданылады», - деп атап өтті Ж.Шәкиев.
Павлодар прокуратурасының ақпаратынша, ықшам топтардың біріккен жұмысының бір күнінде-ақ айыппұл тұрағына борышкерлердің бес көлігі кіргізілді. Бұл шарадан кейін кейін олар қарыздарын қысқа мерзімде толық өтеп шықты. Тағы жеті адам олардың көліктерін жолда тоқтатып, сот шешімін орындамау салдары туралы ескерту жасаған соң қарыздарын төлеуге асықты.