Президент Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazinform Ақордаға сілтеме жасап. 

телефон арқылы сөйлесті
Фото: Akorda.kz

Әңгімелесу барысында Президент екіжақты қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара байланыстарды нығайтуға белсенді саяси диалог және екі мемлекеттің үкіметтері мен парламенттері деңгейіндегі ықпалдастық септігін тигізетінін айтты. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та қарқынды дамып келеді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша әуе рейстерінің іске қосылуын оң бағалады. Соның нәтижесінде бизнес-байланыстар мен туристік сапарлар айтарлықтай жандана түсті.

Тараптар перспективті бағыттардағы, соның ішінде көлік, логистика және сауда салаларындағы қарым-қатынастарды одан әрі арттыру мәселесін талқылады. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Армения Республикасына ресми сапарын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар