Мемлекет басшысы Болгария Президентін Азат ету күнімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Республикасының Президенті Румен Радевке осы елдің ұлттық мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

Мемлекет басшысы Болгария Президентін Азат ету күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті құттықтауында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.

— Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі, — делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға қол қойғанын жазған болатынбыз.

 

 

Соңғы жаңалықтар