Мемлекет басшысы Болгария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованы Болгария Республикасының ұлттық мерекесі — Азат ету күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Болгария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Президент Болгарияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атап, екі ел арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанына тоқталды.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы қазақ-болгар ықпалдастығы дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді.

— Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты мемлекеттік қызметі мен игі бастамаларына сәттілік, ал Болгария халқына құт-береке тіледі, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум