18:41, 13 Қаңтар 2025 | GMT +5
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму аптасы» саммитінің жұмысына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Абу Даби әуежайынан БАӘ Вице-президенті шейх Мансұрбен Заид Әл Нахаян және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.



Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ осы елдің іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президенттің ақпаратқа қол жеткізуге қатысты заңға қол қойғанын жазған едік.