Мемлекет басшысы: Біз энергетикалық және коммуналдық саладағы ауыр дағдарысты еңсердік

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында энергетикалық және коммуналдық саладағы ауыр дағдарыс еңсерілгенін мәлім етті.

Правительство должно обеспечить тотальную экономию средств — Глава государства
Фото: Ақорда

— Инфрақұрылымды дамыту ісін жаңа деңгейге көтеру керек. Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың күш-жігерімен біз энергетикалық және коммуналдық саладағы ауыр дағдарысты еңсердік. Енді Үкімет мұндай жағдайға жол бермеуге тиіс. Жылу стансаларындағы апаттар елімізге абырой әпермейді, беделіне нұқсан келтіреді және бұл мемлекеттік қызметшілердің жауапсыздығы мен біліксіздігін көрсетеді. Аймақтарда коммуналдық шаруашылықтағы басшылық орындарда кәсіби мамандар емес, заңгерлер мен басқа да гуманитарлық сала өкілдері отыр, — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев энергетикалық және коммуналдық нысандардың жұмысын жаңа стандарттарға жедел түрде көшіру керектігін баса айтты. 

— Үкімет жаңа тариф саясатын жүзеге асыруды жалғастыруға тиіс. Тарифтер нарық талаптарына сай болмаса, электр энергиясымен, жылумен және сумен үздіксіз қамтамасыз ету мүмкін емес. ТМД елдерінің бәрінде дерлік электр энергиясының, газдың және мұнай өнімдерінің бағасы Қазақстанға қарағанда қымбат. Бұл экономика балансының бұзылып, шатқаяқтауына әкеп соғады. Ақиқаты осы, оның несін жасырамыз?! Көршілес елдерге контрабандалық жолмен жанар-жағармай тасылатынын жұрттың бәрі көріп отыр. Өз кезегінде бұл қылмыстың етек алуына негіз болады, — деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр

Іс-шараны ашқан Президент Үкімет пен әкімдер жұмысының тиімділігі азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағаланатын айтты

Соңғы жаңалықтар