Мемлекет басшысы энергетиктерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Энергетик күні қарсаңында отандық энергетика саласындағы жемісті еңбегі, Қазақстан Республикасының инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүзден астам жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Презтдент ойын бизнесі мәселелері туралы заңға қол қойды
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, 1 азамат «Парасат» орденінің және 19 энергетик «Құрмет» орденінің кавалері атанды, 36 жұмысшы ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен наградталды, 56 маман «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты.

 

Соңғы жаңалықтар