Мемлекет басшысы Федералдық канцлердің ведомствосына барды

Қасым-Жомарт Тоқаевты Германияның Федералдық Канцлері Олаф Шольц қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Германия
Фото: akorda.kz

Санаулы минуттардан кейін Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия Канцлерінің кездесуі басталады.

Еске салсақ, кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары басталды.

Президент Германия Канцлері Олаф Шольцтің ведомствосына барып, бетпе-бет форматында келіссөз жүргізді.

Келіссөздерден кейін тілшілерге берген баспасөз мәслихатында Президент Қазақстанның Ресеймен екіжақты тарапта және тиісті интеграциялық бірлестіктер шеңберінде тұрақты достық қарым-қатынаста екенін айтты.

Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымы жөнінде пікір білдірді. Өзара айыптауларды тоқтатып, іскерлік келіссөздер жүргізуге шақырды.

Қазақстан мен Германияның ірі және орта бизнестері арасында маңызды коммерциялық келісімдер бекітілді.

Мемлекет басшысы Германияның Федералдық канцлерімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Президент жүргізілген келіссөздер қазақ-герман қатынастарын одан әрі нығайтуға екі тараптың ниетті екенін тағы да растағанын атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан мен Германия Президенттері көпжақты ынтымақтастықты нығайта түсуге уағдаласты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германия Президентімен кездесуіне қатысты.

Соңғы жаңалықтар