Мемлекет басшысы Грекия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Мемлекет басшысының Грекия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтағанын хабарлады.

Мемлекет басшысы Грекия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Президент Астана мен Афина арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген көпқырлы ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында елдеріміздің серіктестігі болашақта да ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия Президенті Константинос Тасуластың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас грек халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Кирсти Ковентриді ХОК президенті болып сайлануымен құттықтаған.

Соңғы жаңалықтар