Мемлекет басшысы Индонезия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субиантоны Индонезия Республикасы тәуелсіздігінің 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Индонезия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

– Мен Астана және Джакарта арасындағы өзара түсіністік пен ортақ құндылықтарға негізделген сенімді ынтымақтастықты жоғары бағалаймын. Осы орайда, өзіңізбен бірлесіп, екі елдің достық қарым-қатынасын одан әрі дамыта түсуге бар күш-жігерімді жұмылдыруға дайын екенімді мәлімдеймін, - деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президентінің сындарлы саясаты мен көшбасшылық қасиеттерінің арқасында Индонезия Республикасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беретініне сенім білдірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдаған еді. 

Соңғы жаңалықтар