Президент стратегиялық маңызы бар жобаларға жеке инвестиция тартуды тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Инфрақұрылым жоспарын қайта қарауды тапсырды.

Коллаж  модернизации инфраструктуры
Коллаж: Kazinform

«Елімізге ауқымды инвестиция тартудың тағы бір маңызды шарты – Ұлттық инфрақұрылым жоспары. Бұл құжат сапалы әзірленуге тиіс. Ойға келгеннің бәрін бір құжатқа жинақтап, сосын бюджеттен қаржы бөлінбеді деп сылтау айту – қолыңнан түк келмейтінін мойындау деген сөз», - деді Президент.

Мемлекет басшысы Үкіметке Инфрақұрылым жоспарын қайта қарауды тапсырды.

«Негізгі басымдықтарды айқындап, стратегиялық маңызы бар жобаларға жеке инвестиция тарту мәселесін мұқият ойластыру керек. Тек аса қажет болған жағдайда ғана қаржылай қолдау шараларын қарастырған жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысы ірі инвесторларға, ірі компанияларға «бір терезе» қағидасымен жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырған еді.

Соңғы жаңалықтар