Мемлекет басшысы Израиль Президентіне жеделхат жолдады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады.

Мемлекет басшысы Израиль Президентіне жеделхат жолдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстан халқы Холокост жылдарында қаза болған миллиондаған жазықсыз құрбанды еске алатынын атап өтті.

– Еліміз этникалық және діни өшпенділік пен зорлық-зомбылықтың кез келген түрін қатаң айыптайды, адамзатқа қарсы мұндай қылмыстың қайталануына жол бермеу жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың ортақ күш-жігерін қолдайды. Қазақстан Холокост жылдарында жер аударылған көптеген еврейге мекен болды. Бүгінде еврей қауымдастығы қоғамымыздың ажырамас бөлігі саналады, – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Президент Үндістанның Республика күніне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Соңғы жаңалықтар