15:13, 14 Ақпан 2024 | GMT +5
Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің «Diwan Amiri» сарайына барды
ДОХА. KAZINFORM – Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді.
Қазақстан мен Қатардың әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.







