Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» заңына қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM – Заң Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы саласындағы мемлекеттік саясатының ұйымдық-құқықтық негізін қалыптастырады және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» заңына қол қойды
Фото: Ақорда

Бұдан бөлек, Заң аумақтық қорғанысты материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін реттейді. Қорғаныс министрлігіне тиісті функциялар бере отырып, аталған салаға мемлекеттік бақылау енгізілді.

Құжат аумақтық қорғаныстың тиімді жүйесін қалыптастыруға және төтенше жағдайлар кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Тиісті шараларды ұйымдастыруға және жеткілікті деңгейде қаржыландыруға байланысты бірыңғай тәсілдердің қағидаттары айқындалды.

Қазақстанда аумақтық қорғаныс күштері COVID-19 пандемиясы кезінде, сондай-ақ 2020 жылы Сардоба су қоймасындағы жарылыс салдарын жоюға, 2022 жылы Қостанай облысындағы орман өртін сөндіруге, 2024 жылы еліміздің солтүстік-батыс өңірлерінде болған су тасқынын еңсеруге жұмылдырылды.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады. 

Айта кетелік Президент «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар туралы» заңға қол қойған еді

Соңғы жаңалықтар