Мемлекет басшысы KazPan сэндвич-панелдерін өндіретін зауытты аралады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпорын Kindus оңтүстіккореялық өндірісінің жоғары технологиялы автоматтандырылған желісімен жабдықталғаны жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент KazPan сэндвич-панелдерін өндіретін зауытты аралап көрді
Фото: Ақорда

Зауыт жылына 1,8 миллион шаршы метрге дейін өнім шығара алады.

Президент KazPan сэндвич-панелдерін өндіретін зауытты аралап көрді
Фото: Ақорда

Мұнда заманауи жабдықтармен және технологиямен жұмыс істеу үшін Kindus-тың инженерлерді оқыту курсынан өткен 50 маман еңбек етеді. Бүгінде сэндвич-панелдер өнеркәсіптік, логистикалық, әкімшілік, спорттық және басқа да нысандардың құрылысын жүргізуде сұранысқа ие екені айтылды.

Президент KazPan сэндвич-панелдерін өндіретін зауытты аралап көрді
Фото: Ақорда

— Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында зауыттың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басымдық беретініне және еліміздің инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосатынына сенім білдірді, — делінген хабарламада.

Президент KazPan сэндвич-панелдерін өндіретін зауытты аралап көрді
Фото: Ақорда
Президент KazPan сэндвич-панелдерін өндіретін зауытты аралап көрді
Фото: Ақорда

Бұдан бұрын Президент Orbis Heavy Machinery арнайы және коммерциялық техника зауытына барғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар