19:11, 04 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге жеделхат жолдады
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қытайға ресми сапары барысында қазақ делегациясына көрсетілген қонақжайлық пен достық ілтипат үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

- Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР басшысымен жүргізген келіссөз нәтижесін жоғары бағалап, екі елдің сан қырлы ынтымақтастығын одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді, - делінген хабарламада.